2023 жылғы 15-16 қарашада Алматы қаласында 10-шы халықаралық «EdCrunchX» конференциясы өтті.
«Барлығына бірдей қол жетімді сапалы білім алуға қол жеткізу» атты конференцияға АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Корея, Ресей, Германия, Түркия, Финляндия спикерлері шақырылды.
Конференцияның бағдарламасы келесі бөлімдерге бөлінген: EdCrunchSTAGE, ерте балалық шақ, мектептегі білім және жоғары білім.
Біздің арнайы балабақшаның директоры А.Б.Кенжегараева «Ерте балалық шақ» бағытында тыңдаушы болды, онда балаларды дамыту сайттарының әзірлеушілері, балабақшаларға арналған мектепке дейінгі онлайн-академияларының негізін қалаушылар, заңгерлер, психологтар, логопедтер өз тәжірибелерімен бөліскен.
Ұйымдастыру форматы алуан түрлі болған: баяндамалар, шеберлік сабақтары, кейс-сессиялары, дебаттар, батылдар.
№4 арнайы балабақша директоры педагогикалық ұжымымен конференциядан алған әсері мен ақпараттарымен бөлісіп, ерекше білімді қажет ететін балаларға шетелдік жаңа әдіс тәсілдерді оқу тәрбие үрдісінде тиімді қолдануды ұсынды.