№4 арнайы балабақшасында ағымдағы жылдың жылдық жоспарына сәйкес, «Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру» жобасы бойынша «Бір отбасы - бір кітап» атты №7 мектепалды топ балалары ата-аналарымен бірге челленджі жасады.
Мақсаты:
Балаларды кітап оқуға тартуға әсер ететін ең маңызды әрі басты институт ол – отбасы. Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы көп жағдайда отбасындағы ересектерден алған үлгіге байланысты екеніне ата- ананың көзін жеткізу мақсатында өткен челленджге балабақша тәрбиеленушілері мен ата- аналары белсене қатысты.