Меню

Хабарландыру

Маңғыстау облысы білім басқармасының “Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған №4 арнайы балабақша” КММ-сі 2023-2024 оқу жылында ҚР Білім және ғылым Министрінің  2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығын негізге ала отырып, қажетті уақытша бос лауазымдық орынға конкурс жариялайды.

Қажетті маман: 

  • Мұғалім-логопед, мұғалім-дефектолог (орыс тілінде).
  • Тәрбиеші (2- қазақ тілінде).
  • Музыка маманы (орыс тілінде және қазақ тілінде).
  • Дене шынықтыру нұсқаушысы (орыс тілінде және қазақ тілінде).
  • Хореограф маманы

Конкурсқа қатысуғаықыласы бар үміткерлер конкурс жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде төмендегі құжаттар тізбесін жинақтап, 12.09.2023 ж. күніне дейін комиссия хатшысы Гулден Орынбасарқызына  (тел. +7 701 104 7504) тапсыруларыңыз сұралады.

Мамандарды қабылдау комиссиясының отырысы 14.09.2023ж күні өткізіледі.

Конкурсқа қатысатынпедагогтерге қажетті құжаттар тізімі:

  • 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  • Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  • Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  • Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020ж. 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).
  • Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
  • ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
1

Жаңалықтар

01 мамыр 2025, 06:02
«Достығымыз жарасқан»
01 мамыр 2025, 05:59
«Ұлттар достығы»
30 сәуір 2025, 06:06
«Әжемнің ертегісі»

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84