Меню

Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Білім күні мерекесімен тұспа-тұс келгендігі қуантады

Бүгінгі таңда әлемдегі кез келген саяси және әлеуметтік реформалардың шұғыл қажеттілігі бар – олар бастамалардың қарқыны мен уақытқа байланысты. Адам неғұрлым көп білсе, соғұрлым өзін-өзі жетілдіруге ұмтылса, мемлекеттің мәртебесі соғұрлым жоғары болады, оның халқы одан сайын құнды болады.

Мемлекет Басшысы жыл сайынғы Жолдауында білім саласына айрықша көңіл бөліп, негізгі басым бағыттарды белгілейді.

Осы жолдауда мектепке дейінгі тәрбие жұмысына айрықша тоқталды. Екі мен алты жастағы балаларды толық балабақшамен қамтамасыз етуді және бұл мәселені түбегейлі шешуді тапсырғанын қолдаймын.

Оған қоса, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін көтеріп, олардың жалақыларын көбейту қажеттілігі және тәрбиешілерді аттестациялау мәселелері тәрбиешілер арасында қолдау тапты.

Білім сапасы – маңызды көрсеткіштің бірі. Сондықтан оқушылар мен мұғалімдердің дамуына жан-жақты жағдай жасалуы тиіс.

Маңғыстау облысы туу көрсеткіші жоғары өңірлердің бірі ретінде үш ауысымды мектептердің мәселесі өзекті. Әрине, қазіргі заманда әрбір оқушы жаңа заманауи мектепте лайықты білім алуына барлық жағдай жасауымыз керек.

Мемлекет Басшысы жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды барынша күшейтуді ұсынды. Білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басады.

Ал, мектептегі әлеуметтік төмен отбасылардан шыққан оқушыларды мектеп формасымен бюджет есебінен қамтамасыз етуді жөн көремін. Өйткені әр бала сапалы білім алу құқығына ие. Қиын өмірлік жағдайдағы балалардың әлеуетін жақсартуға ықпал ету дұрыс деп санаймын.

​Сондықтан Президент Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру үшін жұмыла еңбек етуді басты мақсат етіп қойдық.

1

Жаңалықтар

01 мамыр 2025, 06:02
«Достығымыз жарасқан»
01 мамыр 2025, 05:59
«Ұлттар достығы»
30 сәуір 2025, 06:06
«Әжемнің ертегісі»

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84