Биыл еліміздің Ата заңына 28 жыл толғалы тұр. Тәуелсіздік жылдары Конституцияға алты рет өзгеріс енгізілді. Ең соңғы рет Ата заңымыз былтыр республикалық референдум қорытындысы бойынша өзгерген еді.
Конституция - мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырушы құжат.
Мерекеге орай №4 арнайы балабақшасы мектепалды топтар мен ересек топтар арасында «Ата Заңым - ардақты» атты тақырыптық сабақтар өтті.
Мақсаты: Ата заңы туралы тәрбиеленушілердің түсініктерін кеңейту.
Отанын қорғауға, сүюге еліміздің рәміздерін қастерлеп, халқымыздың әдет-ғұрып, салт- дәстүрін сақтап, Ата заңымызды құрметтеп, ұлтжандылыққа, достыққа тәрбиелеу. Сұрақ беру арқылы балалардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру.