Меню

Тамыз кеңесі - жаңа форматта

Бүгін, 24 тамыз күні білім қызметкерлерінің «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты республикалық тамыз кеңесі басталды.

Кеңес аясында «Білім мазмұнын дамыту» тақырыбында  өңірде панельдік секциялық отырыстар өтуде.

Секциялар 4 бағыт бойынша «Білім беру сапасын арттыру: іс-тәжірибедегі зерттеу мен идеялар», «Білім беру үдерісіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Оқыту мен оқудағы инновациялық шеберлік», «Жаңа оқу жылында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыптарына бөлінген.

Секциялық отырыстарда біліктілік санаты жоғары педагогтер, «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, сонымен қатар оқытуда тың идея, жаңа әдіс-тәсілдер қолдану арқылы білім сапасын арттыруға үлесін қосып жүрген жас педагогтер іс-тәжірибесімен бөлісуде.

Айта кететін жәйт,  дәстүрлі тамыз кеңесі биылғы жылы жаңа форматта «Бір өңір – бір тақырыптық бағыт» принципімен 20 өңірде білім саласындағы ең өзекті 20 тақырып бойынша өткізілуде. 

22 тамыздан бастап тамыз кеңесіне Ақтөбе, Ұлытау, Түркістан, Алматы, Абай, Солтүстік-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Түркістан, Абай облыстардан және Алматы, Астана қалаларынан 116 педагог келді. Барлығы 500-дей педагог қатысуда.

1
2
3
4
5
6
7
8
9

Жаңалықтар

01 мамыр 2025, 06:02
«Достығымыз жарасқан»
01 мамыр 2025, 05:59
«Ұлттар достығы»
30 сәуір 2025, 06:06
«Әжемнің ертегісі»

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84