Меню

«Ұлы даланың ұрпақтары»

№4 арнайы балабақшасының жазғы сауықтыру кезеңінің жоспарына сәйкес, бүгін балабақша ауласында «Ұлы даланың ұрпақтары» атты спорттық іс-шара өтті.

Мақсаты: Тәрбиеленушілердің дені сау болып, өсіп жетілуіне қолайлы қоршаған орта жасау; Балаларға ұлттық ойындарды ойнату арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу; Қазақ елінің ұрпақтары жүйрік, шапшаң, мықты болуы үшін ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру.

Бұл шарада балалар спорттық додаға қатысып қана қоймай, ән айтып, би билеп, қызықты ойын жаттығуларын да жасады.

1
2
3

Жаңалықтар

13 мамыр 2025, 06:32
Хабарландыру
12 мамыр 2025, 06:24
«Мақатаев оқулары»
07 мамыр 2025, 06:20
«Біз Отанның сарбазы»
01 мамыр 2025, 06:02
«Достығымыз жарасқан»

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84