№4 Арнайы балабақшасында бүгін 1-маусым Балаларды қорғау күніне арналған «Жер шарын балаларға берелік» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мақсаты:
Бүгінгі мерекелік шараға ата-аналар және көп жылдар ішінде балабақшаға демеушілік көрсетіп келген ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары полковник Бапан Ғани Әбдіманапұлы қатысып, балаларды мерекесімен құттықтады. Болашақ ұрпақтың өркендеуіне қосқан үлесі және жаңа мазмұндағы білім беру жүйесін дамытуға көрсеткен демеушілік қолдауы ретінде балабақшаға түрлі-түсті қағаз шығаруға арналған түпнұсқалы Epson принтерін сыйлыққа тарту етті. Бұл қажетті технологияны пайдалануды әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға лайықты үлес деп білеміз.