Аталмыш мерекелік шараға тәрбиеленуші түлектеріміздің ата-аналары қатысты.
Ата-аналар балабақша ұжымына өз жылы лебіздері мен алғыстарын білдірді.
Бала бағбанына айналған балабақшамыздың табалдырығын аттап, біздің тәрбиеленуші бүлдіршініміз атанғандары күні кеше ғана сияқты еді. Бүгінде балабақшамен қоштасып, мектебімен достасатын сәт те туды.
Түлектерімізге тілеріміз: алдағы өмірлеріңізге ақ жол және сәт сапар!
Болашақтарың жарқын болып, қанаттарың талмай, ақ қанат армандарың биікке самғай берсін!