№4 Арнайы балабақшасында тәрбиеленіп жүрген бүлдіршіндеріміз өсіп, ер жетіп, өмірге үлкен жолдама алып мектепке барғалы жатыр.
Балабақшада тәлім-тәрбие алып, өмірлері шат күлкіге толы талай мерекелер өтті.
Мектепалды топтар арасында «Қош бол, балабақша!» атты ертеңгіліктері өтуде.
Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерінің, ой-өрістерінің жемісін, өнерлерін ортаға сала отырып, балаларды үлкен өмірге қадам басуға даярлау. Адамгершілікке, достыққа, бауырмалдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.