Меню

«Мектепке дейінгі ұйым педагогінің ойын құзыреттілігін дамыту»

№4 арнайы балабақша тәрбиешісі Тулебаева А.Н. ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты (72 сағат)  17.04-27.04.2023ж аралығында мемлекеттік курстан өтті.

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйым педагогінің ойын құзыреттілігін дамыту».

Педагог курстан кейінгі сүйемелдеуді енгізу бойынша семинар-практикум өткізді Кері байланыс таныстырылым және топтық жұмыс түрінде өтті. Семинар-практикумның тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйым педагогының ойын құзыреттілігін дамыту туралы».

Іс-шараның мақсаты: курста алған теориялық және әдістемелік білімдерімен педагогтермен бөлісу, педагогикалық үдіріс барысында қолдану. Семинар-практикум барысында педагогтер балалар ойынының заманауи түсінігімен, білім берудің геймификациясымен танысты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім беру міндеттерін шешу үшін педагогтердің ойын және IT-құзыреттіліктерін дамыту туралы айтылды. 

Сюжеттік, дидактикалық ойындарды және ерте және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ережелері бар ойындарды (соның ішінде ЕББҚ бар балаларға) қолдана отырып, педагогикалық процесті жоспарлау бойынша тұтас көзқарас қалыптастырылды. Спикер мектепке дейінгі топтың пәндік-кеңістіктік даму ортасын және ойынды ұйымдастырудағы педагогтің рөлін ескертті. Мультфильм жасаудың әдістері мен алгоритмін қарастырды. Көшпелі практикалық сабақтар барысында ерте және мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекеттерін бақылаудың чек-парақтарын пайдалана отырып, ойындарды ұйымдастыру мен өткізуге талдау жасалып,курс материалдары педагогтерге үлестірілді.

1

Жаңалықтар

01 мамыр 2025, 06:02
«Достығымыз жарасқан»
01 мамыр 2025, 05:59
«Ұлттар достығы»
30 сәуір 2025, 06:06
«Әжемнің ертегісі»

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84