Біздің балабақшадағы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған «Қызғалдақ» тобының тәрбиеленушісі Жанұзақ Қазына «Dinamo Kids» ашық турнирінде көркем гимнастика бойынша өнер көрсетіп, І орынды жеңіп алды. Жүзден жүйрік Қазына басқа балалармен бірдей жаттығады, жаттықтырушының нұсқауларын бірден түсініп дұрыс орындай біледі. Спортқа деген қызығушылығы мен шымырлықтың көмегімен бірнеше рет жүлделі орынға ие болып жүр. Ата-анасы да жетістіктеріне қуана отырып, баласының физикалық дамуына көп мән беруде. Біздің балабақшаға қатысқалы Қазынаның басқа да дағдылары жетілді: өте жақсы сурет салады, ертегі қойылымдарда өз рөлін актерлік шеберлікпен ойнайды, тақпақты жатқа оқып біледі, «Үміт» облыстық балалар шығармашылық байқауына да екі жыл қатарынан қатысты.
Топтағы балалармен мейірімділік қарым қатынаста, достарына, ересектерге көмектесуге әрдайым дайын тұрады.
Биыл Қазына біздің балабақшамен қоштасады, әрдайым биіктен көріне бер балақай! Болашағың жарқын болсын!