Меню

Бала қауіпсіздігі - басты назарда

Бүгін білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселесі туралы жиналыс өткіздім.

Жиналысқа аудан, қала білім бөлімдерінің басшылары, балабақша, мектеп, колледж директорлары, Төтенше жағдайлар мен Полиция департаменттерінің қызметкерлері қатысты.

Жиналыс барысында білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздіктің жай-күйі, бейнебақылау, турникеттер мен дабыл түймелерінің жағдайы, білім беру ұйымдарының жергілікті басқару орталығына қосылу барысы туралы, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарына білім басқармасы тарапынан жүргізілген мониторинг қорытындылары туралы, сондай-ақ өрт қауіпсізідігі мен қолданыстағы заңнамаларды қызмет барысында дұрыс пайдалану бағытындағы мәселелерді талқыладық.

Жиналыс соңында облыстағы барлық білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шараларын күшейтуді, тоқсан сайын «Қауіпсіз білім беру ұйымы апталығын өткізуді, прокуратура, Полиция және Төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлерінің қатысуымен оқушылар арасында практикалық сабақтар, тәрбиелік сағаттар ұйымдастыруды, 17-18 ақпан күндері барлық білім беру ұйымдарында  қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы ата-аналарды ақпараттандыруды ұйымдастыруды, күзет қызметіне  бақылауды күшейту, бөтен адамдардың білім беру ұйымдарына себепсіз кіруіне тосқауыл қою, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас  кезіндегі мінез-құлық, әрекеттерін оқушыларға түсіндіру, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларымен жұмысты күшейту бағытында тапсырмалар бердім.

Атаулы шаралар білім басқармасының бақылауында, алдағы уақытта да жұмыстар жалғасатын болады.

1

Жаңалықтар

01 мамыр 2025, 06:02
«Достығымыз жарасқан»
01 мамыр 2025, 05:59
«Ұлттар достығы»
30 сәуір 2025, 06:06
«Әжемнің ертегісі»

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84