Меню

№4 арнайы балабақшасында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізу әдістемелік ұсынымдары түсіндірілді

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Жаңбырбай педагогтерге балалардың дамуына мониторинг жүргізуде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарын және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын толығымен түсініп барып бақылау парақтары мен Баланың жеке даму картасын толтыру керектігін айтып өтті. Сонымен қатар, аралық бақылау мониторингін жүргізуде балалардың жасына сәйкес олардың физикалық дамуын, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін бақылау парақтарын толтыру тәртіптері бойынша әдістемелік жұмыстар жүргізілді. 

Семинар-практикум соңында педагогтер көптеген сұрақтарына жауап алды.

1
2

Жаңалықтар

01 мамыр 2025, 06:02
«Достығымыз жарасқан»
01 мамыр 2025, 05:59
«Ұлттар достығы»
30 сәуір 2025, 06:06
«Әжемнің ертегісі»

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84