Маңғыстау облысының «Білім басқармасының білім берудің оқу-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен а.ж 13-желтоқсан күні ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасындағы «Үміт» облыстық шығармашылық өнер фестивальі өткен болатын. Бұл фестивальде би ырғағы номинациясы бойынша өз өнерін паш еткен біздің балабақшамыздың «Каспий жұлдыздары» би тобы өзінің «Планета детство» атты биімен жоғарғы жетістікке жетіп, топ жарды.
Ең үздік би ретінде озып шыққан «Каспий жұлдыздары» би тобының барлық кішкентай мүшелеріне “Балалар әлемі” дүкенінен әр балаға 20.000 теңгелік сертификат табысталды. Балалар мен педагогтер және ата-аналардың да қуаныштарында шек жоқ.
Тәрбиеленушілеріміздің өнерлері өрге жүзе бергей!