Меню

Білім Берудің Оқу-Әдістемелік Орталығы

«Үміт» шығармашылық өнер фестивалі өтті.

Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2022 жылғы 13 желтоқсан күні ерекше білім беруді қажет ететін 3-6 жастағы мектепке дейінгі балалар арасында «Үміт» шығармашылық өнер фестивалі өтті.

Фестиваль ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау, әлеуметтендіру, шығармашыл, дарынды балаларды анықтауға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Сырттай өткізілген облыстық шараға аудан, қалалардағы балабақшалар мен арнайы балабақшалардан би билеу номинациясы бойынша 8 жұмыс, вокалдық орындау бойынша 10 жұмыс және еркін тақырыпта сурет салу бойынша 33 жұмыс қаралып, барлығы 94 бала қамтылды.

Ерекше білім беруді қажет ететін 3-6 жастағы мектепке дейінгі балалар арасындағы «Үміт» шығармашылық өнер фестивалінің облыстық кезеңінде өнер көрсеткен әр балаға 20 000 теңгелік cертификаттар табысталды.

1
2
3
4
5
6
7

Жаңалықтар

01 мамыр 2025, 06:02
«Достығымыз жарасқан»
01 мамыр 2025, 05:59
«Ұлттар достығы»
30 сәуір 2025, 06:06
«Әжемнің ертегісі»

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84