№ 4 арнайы балабақшасының «Адал азамат» біртұтас бағдарламасын жүзеге асыру жоспарына сәйкес «Ұлттық ойын - ұлт қазынасы» тақырыбында, педагогтер арасында балабақша ішілік сайыс өткізілді.
Мақсаты: қазақ халқының бай мәдени мұрасын, соның ішінде ұлттық ойындарын жаңғырту және тәрбиешілер қауымына кеңінен насихаттау; ұлттық ойындар – халықтың тарихымен, тұрмыс-тіршілігімен, дүниетанымымен тығыз байланысты тәрбие мен білімнің қайнар көзі.
Бұл сайыс арқылы қатысушылар:
- Қазақтың ұлттық ойын түрлерімен танысып, олардың мазмұнын, шығу тарихын, маңызын түсінеді;
- Ұжыммен бірлесе әрекет етуге, бірін-бірі қолдауға, әділ бәсекеге үйренеді;
- Дене шынықтыру мәдениетін дамыту арқылы салауатты өмір салтын ұстануға ынталанады;
- Жылдамдық, күш, ептілік, тапқырлық пен шыдамдылық секілді физикалық қасиеттерін дамытады;
- Ұлттық рухты көтеріп, отансүйгіштік пен мақтаныш сезімін қалыптастырады;
- Көңілді ортада сергіп, күнделікті жұмыс қарбаласынан босап, ұжым ішінде жағымды көңіл-күй орнатады.