Мұғалім-дефектолог: Жумағалиева Гулсим Жаксылыковна
Тақырыбы: Ерте жастағы балаларға үйде және далада дамытушы ойындар ойнату. Ерте жастағы балалардың дамытушы ойындар арқылы баланын тілін дамытып, сөздік қорын байытып, ақыл ойын қалыптастыру.
Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық мегергенінше жалғасады. Бұл балалардың білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын балаларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Заттарды қарау, сурет қарау, құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорын дамытады. Ойын балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі. Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Ойын бала тілінің дамуына ықпал тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады.