5 қазан – Ұстаздар күніне орай кәсіподақ ұйымының атынан педагогтерге арналған мерекелік отырыс ұйымдастырылды.
Мерекелік басқосуда ұстаз еңбегінің қадірі дәріптеліп, әріптестерге жылы лебіздер мен жүрекжарды тілектер айтылды.
Кеш барысында көңілді ойындар, әсем әндер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлаған сәттер орын алды.
Ұстаздық жолдағы еңбектерімен ұжымға үлгі болып жүрген ардагер ұстаздарға ерекше құрмет көрсетіліп, жас мамандарға да ақ тілектер айтылды.
Барша педагогтерге еңбектеріңізге шығармашылық табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық және шәкірттеріңіздің жетістігін көру бақыты тілейміз!
Ұстаздар күні құтты болсын!
Кәсіподақ ұйымы