5 қазан – Ұстаздар күніне орай балабақшамызда жас мамандардың ұйымдастыруымен мерекелік шара өткізілді.
Мерекелік шара барысында ұстаз еңбегінің қадір-қасиеті дәріптеліп, әріптестерге арналған әсем әндер шырқалып, көңілді ойындар ұйымдастырылып, жүрекжарды жылы лебіздер айтылды.
Ұстаз – ұрпаққа білім мен тәрбие беріп қана қоймай, әр баланың жүрегіне жол тауып, болашаққа бағыт-бағдар беретін ұлы тұлға.
Барша ұстаздарға шығармашылық шабыт, еңбектеріңізге толағай табыс, шәкірттеріңіздің жетістігі мен отбасыларыңызға амандық тілейміз!
Ұстаз – ұлы есім, ұлағатты мамандық!
Ұстаздар мерекесі құтты болсын!