Ұлттық ойындар – халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін асыл мұра.
Балалар ұлттық ойындар арқылы ептілікке, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиеленіп, ата-баба дәстүрін құрметтеуді үйренеді.
Мақсаты: балаларға ұлттық ойындарды таныстыру, қызығушылығын арттыру, қимыл-қозғалысын дамыту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Ұлттық ойын – ұлт мұрасы, ұлттық қазына!