5-қыркүйек Қазақстан халқының тілдері күніне орай №4 арнайы балабақшасында тәрбиеленушілермен танымдық оқу қызметі ұйымдастырылды.
Оқу қызметі барысында балалар тіл туралы түсініктерін кеңейтіп, қазақ тіліндегі сөздер мен өлеңдер арқылы ана тілімізге деген қызығушылықтарын арттырды.
Мақсаты: балалардың тілге деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту, дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ана тілін құрметтеуге және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелеу.