Үй жануарлары – балалардың сүйікті достары. Олармен танысу арқылы балалар жануарлардың атауын, ерекшеліктерін және адамға пайдасын біледі. Жануарларға қамқорлық жасап, мейірімді болуға үйренеді.
Мақсаты: балаларға үй жануарлары туралы түсінік беру, олардың атауларын ажыратып, ерекшеліктерін танып білуге үйрету. Жануарларға деген сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімін қалыптастыру, мейірімділікке тәрбиелеу.