Жазғы сауықтыру кезеңі аясында балабақша көгалында «Жазғы демалыста – жақсы кітаппен» атты кітап оқу шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиет арқылы олардың тіл байлығын, қиялын және танымдық қабілеттерін дамыту.
Балалар таза ауада ертегілер мен қызықты әңгімелер тыңдап, сүйікті кейіпкерлерімен танысты. Кітап оқу арқылы тәрбиеленушілердің бос уақытын пайдалы әрі қызықты өткізуіне мүмкіндік жасалды.
Кітап – білімнің бастауы, ал жазғы демалыс – жаңа шығармалармен танысудың тамаша кезеңі.