Меню

«Достығымыз жарасқан»

Бүгін балабақша ауласында мерекелік іс-шаралар жоспарына сәйкес, 1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Достығымыз жарасқан» атты мерекелік шара балабақша ауласында ұйымдастырылып өткізілді.

Шараның мақсаты – балаларға татулық пен бірліктің маңызын түсіндіру, әр ұлттың мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Мерекелік іс-шара барысында тәрбиеленушілер ән айтып, би билеп, түрлі ұлттардың ұлттық киімдерін киіп, өз өнерлерін көрсетті. Балалар достық туралы тақпақтар айтып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Бұл мереке балаларға ерекше әсер қалдырып, бірлік пен татулықтың маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ақтау Арнайы Балабақша (@aktau_sds4)


«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84