Балабақшамызда Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік ертеңгілік жоғары деңгейде өтті.
Мақсаты: балаларға ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрімізді таныстыру, сондай-ақ ұйымшылдық пен бірлікті қалыптастыру болды.
Мерекелік кеш барысында бүлдіршіндеріміз әсем ұлттық киімдерін киіп, ән айтып, би билеп, тақпақтарын мәнерлеп жеткізді. Қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындары кеңінен насихатталып, көріністер қойылды. Балалардың өнері көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлап, мерекенің сәнін аша түсті. Сонымен қатар, ата-аналар да белсенді қатысып, ортақ мерекелік көңіл-күйді бөлісті. Бұл күн – татулық пен берекенің, ізгілік пен мейірімнің айқын көрінісіне айналды.