Бүгін балабақшамызда Көрісу – Амал мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында балалар мен ата-аналар, педагогтер бір-бірімен көрісіп, ізгі тілектер айтып, ұлттық салт-дәстүрлермен танысты.
Сонымен қатар ата-аналардың қатысуымен ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырылып, мерекенің көркі қыза түсті. Ата-аналар белсенді қатысып, ұйымшылдық пен бірліктің үлгісін көрсетті.
Шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ата-ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту және балаларға салт-дәстүрді насихаттау.
Көктемнің шуақты мерекесі баршаңызға құтты болсын!