Бүгін, Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз мерекесіне орай, №4 арнайы балабақшасында «Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы» атты мерекелік шара өтті.
Мерекелік шараның мақсаты: Наурыз мерекесін ұлықтау, тәрбиеленушілерге қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттау, сондай-ақ бірлікке, достыққа және мейірімділікке тәрбиелеу.
Мерекелік шараға ата-аналар белсенді қатысып, балалармен бірге қуанышты сәттерді бөлісті. Сонымен қатар білім басқармасы өкілдері арнайы қонақ болып қатысты.
Шараға Қоғамдық коммуникация орталығы, «Огни Мангыстау» газеті, «Маңғыстау» телеарнасы және «Отпанnews» порталының журналистері қатысып, мерекенің мән-маңызын насихаттады.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын, жыл берекелі болсын!